2021 жыл 2 шілде
НЕСЕП-ЖЫНЫС ІСІКТЕРІНДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУДІҢЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРІ
НЕСЕП-ЖЫНЫС ІСІКТЕРІНДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУДІҢЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРІ
Құрметті әріптестер!
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Акционерлік қоғамы 2021 жылдың 2 шілдесінде Алматы қаласында «Несеп-жыныс жүйесі ісіктерін диагностикалау мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері» атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өткізілетіні туралы хабарлайды. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, конференция онлайн және офлайн форматта өткізіледі.
Конференция барысында визуалды, морфологиялық және молекулалық-генетикалық диагностикалау, заманауи химиотерапия, таргеттік және иммунотерапия, қуықасты безінің қатерлі ісіктерінің радиациялық онкологиясы, бүйрек, қуық ісіктері мәселелері талқыланады.
Конференция баяндамаларында соңғы әлемдік ғылыми жетістіктер аясында несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерін диагностикалау және емдеу саласындағы жаңа мәліметтер айтылады, сондай-ақ осы саладағы жетекші сарапшылармен клиникалық жағдайларды талқылауға мүмкіндік беріледі.
Конференцияға онколог, уролог, хирург, патоморфолог, медициналық жоғары оқу орындарының резиденттері мен студенттерін қатысуға шақырамыз!